Тоқаев Астананы дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берді
Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы ауқымды экоакция кезінде Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекке бірнеше тапсырма берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әкім қалада атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Жеңіс Қасымбектің берген есебінен кейін президент: "Астанада оң өзгерістер бар. Алдымызда әлі жұмыс көп", - деді.
Астана қаласының әкімі полицияның күн сайын вандалдармен күресіп жатқанын жеткізді. Бұл ретте президент: "Вандализмді қабылдауға болмайды, бұзақыларды заң бойынша жауапкершілікке тарту керек", - деді.
Сөз соңында Мемлекет басшысы Астананы жасыл қалаға айналдыру керектігін баса атап өтті.
"Қаланы көгалдандыру – ортақ міндет. Бұл жұмыстарды орталық көшелерде, көзге түсетін орындарда ғана жүргізумен шектелуге болмайды". Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
Сондай-ақ, бүгін, 11 қазанда, Қасым-Жомарт Тоқаев Экология және табиғи ресурстар министріне де тапсырма берген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript