Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Астананы одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді

Қазақстан президенті, Астана, Астана қаласының әкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2023 12:05 Сурет: akorda.kz
7 сәуір күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады. Президентке елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы туралы ақпарат берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың ресми сайтының жазуынша, Президентке қала тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің нысандары (ССС-3, газ жылу станциялары, ЖЭО-3, т.б.) және мектеп, медициналық орталық, жеңілдетілген қолжетімді тұрғын үй секілді әлеуметтік нысандар құрылысының барысы, сондай-ақ апатты жағдайдағы ескі тұрғын үйлерді сүру, тұрғын үй алаптарын дамыту, үлестік құрылыс нысандарын аяқтау, қалаға газ тарту және абаттандыру жұмыстары жөнінде баяндалды.

Астана әкімі биыл 6,5 мың әлеуметтік пәтер салу жоспарланып отырғанын, сондай-ақ "Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2 ауысыммен оқитын 90 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 24 мектептің жобасы жасалып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына инвестиция тарту шаралары туралы мәлімет берілді. Елордаға құйылған инвестиция көлемі бірінші тоқсанда шамамен 200 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 20 пайыз көп.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы одан әрі дамыту, сумен және жылумен қамтамасыз ету нысандарының құрылысын тез арада аяқтау, сондай-ақ елорда тұрғындарының өзекті мәселелерін шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: