Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев "Қазақстан" шахтасындағы өртке байланысты тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан" шахтасында болған өртке байланысты Үкіметке және Қарағанды облысының әкімдігіне апат себептеріне жан-жақты тергеу жүргізу, сондай-ақ зардап шеккендерге қажет барлық көмекті көрсету жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент Үкіметке осы кәсіпорынға иелік ететін шетелдік компаниямен жұмысшылардың қауіпсіздігін мүлтіксіз қамтамасыз ету жөнінде келіссөздер жүргізуді тапсырды.

"Шетелдік компанияға тиесілі кәсіпорындарда жиі қайталанатын апаттар олардың инвестициялық және өзге де міндеттемелерін өрескел бұзғанын көрсетеді. Аталған жағдайлар олардың Қазақстан нарығында қызмет етуіне қатысты шешім шығаруға ықпал етеді", - делінген хабарламада.

Өрт бүгін таңертең шыққан. Шахтада 227 адам болған. Оның 222-сі жер бетіне шығарылса, бесеуі жер астында қалды.

Алты адам ауруханаға жатқызылды, екеуі жансақтау бөлімінде.

Қарағанды ​​облысы әкімдігінің мәліметінше, әзірше қаза тапқандардың аты-жөні анықталмаған. 

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ тау-кен сегменті атқарушы директорының орынбасары Сергей Огайдың айтуынша, қазір екі жұмысшының мәйіті табылған. Кейінірек бір адамның қаза тапқаны расталмады.

Қарағанды ​​облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Шахтинск қаласының полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 2-бөлігі ("Тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: