Мәслихат депутаттары Алматы агломерациясын 2029 жылға дейінгі дамытудың кешенді жоспарын мақұлдады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы агломерациясын 2029 жылға дейінгі дамытудың кешенді жоспарын қаланың мәслихат депутаттары кезектен тыс сессияда мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, құжат аумақтық, әлеуметтік, жол-көлік, инженерлік, экономикалық, экологиялық және цифрлық дамуды қосқанда 16 стратегиялық бағытты қамтиды.

"Жоба аясында қала және облыс әкімдігінің дамудың негізгі бағыттары бойынша қызметін үйлестіру, деректер базасын біріктіру және бірыңғай геоақпараттық жүйені жүргізу, бірыңғай көлік моделін құру, қаланың және қала маңындағы аймақтың қоғамдық көлігін біріктіру, ҮАААЖ-қа дейінгі 4 радиалды және 7 ішкі магистральды көшелерді ұзарту, қала маңындағы темір жол жолаушылар тасымалын дамыту, жаңа білім беру және денсаулық сақтау нысандарын салу, қала маңы аймағында жұмыс орындарын ашу және агломерацияның бірыңғай жасыл дәлізін құру көзделген".Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда Әйтеке би көшесін Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейін ұзарту жұмыстары аяқталды. Қазір жол таңбаларын сызу, жол белгілерін орнату жұмыстары бітіп, көлік қозғалысы ашылды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

"Көктайғақ болып, үсік жүреді". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қызылордада шетелдік көлік қолында нәрестесі бар әйелді қағып, оқиға орнынан ізін суытқан

Сарапшылар 2027 жылы 1 АҚШ доллары қанша тұратынын айтты