Алматыда Әйтеке би көшесін ұзарту жұмысы аяқталды

Алматы, Әйтеке би көшесі, Алматы қаласы әкімдігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2023 18:11 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Әйтеке би көшесін Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейін ұзарту жұмыстары аяқталды. Бұл жаңалықты Zakon.kz желілік басылымына 2023 жылғы 30 қазан күні Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

Әкімдік таратқан хабарламаға сүйенсек, ұзындығы 142 метр болатын жаңа жолдың ені – 11,5 метр, екі жағында тротуар бар.

Бұған қоса инженерлік коммуникациялар қайта құрылып, жаңа жол белгілері орнатылған.

"Әйтеке би көшесіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шығыс бағытта көліктер тек оңға бұрыла алады. Батыс бағытта тура жүруге, оңға және солға бұрылуға болады".Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазір жол таңбаларын сызу, жол белгілерін орнату жұмыстары бітіп, көлік қозғалысы ашылды.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: