Алматыдағы Әйтеке би көшесін ұзарту қыркүйектің соңына дейін аяқталады
Сурет: Алматы әкімдігі
Қыркүйек айының соңына дейін Алматының Алмалы ауданында Байтұрсынов пен Досмұхамедов көшелерінің арасындағы Әйтеке би көшесін ұзарту аяқталады.
Бұл туралы әкім Ерболат Досаев халықпен кездесуде мәлімдеді.
"Көшені ұзарту жобасы жақын маңдағы үйлер тұрғындарының пікірін ескере отырып, қайта қаралғанын айта кетейін. Жаяу жүргіншілер жолдары мен қажет тұрақ орындарын қалпына келтіру қаланы да, осы көшелердің тұрғындарын да қанағаттандырады деп сенемін", - деді Ерболат Досаев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript