Алматыда Төле би көшесін ұзарту жұмыстарының жаңа кезеңі басталды: қозғалыс 25 тамызға дейін шектеледі
Фото: Zakon.kz
Алматыда Төле би көшесін ұзарту жұмыстарының жаңа кезеңі басталды. Осыған байланысты көшенің кейбір учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала тұрғындарына қолайсыздықтар туралы Almaty_Joly Telegram-арнасы мәлімдеді.
14 шілде мен 2026 жылғы 25 тамыз аралығында Әшімов көшесінен Алатау көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылады. Көлік ағыны Сабденов көшесі арқылы айналып өтетін болады.
Аталған учаскеде ескерту белгілері орнатылады.
Сондай-ақ жүргізушілерден жолға шығар алдында бағытын алдын ала жоспарлау сұралды.
Бұған дейін Алматы тұрғындарына қалада екі күн бойы жылу желілеріне сынақ жүргізілетініне байланысты штаттан тыс жағдайлар болуы мүмкін екені ескертілген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript