Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Машина, машины, авто, автомобиль, автомобили, дорога, дороги, транспортное движение, дорожное движение, дорожный трафик, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2026 14:59 Фото: Zakon.kz
Алматыда жеңіл рельсті көлік (ЖРК) жобасын жүзеге асыру аясында Төле би көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

20 маусым күні сағат 22:00-ден бастап Саин көшесінен Отар көшесіне дейінгі аралықта шығыс бағытындағы автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Осы кезеңде көлік қатынасын қамтамасыз ету мақсатында Төле би көшесінің солтүстік жағында кері бағыттағы (реверсивті) қозғалыс ұйымдастырылады.

Инженерлік желілерді көшіру жұмыстары 25 маусымға дейін жалғасады. Ал 25-30 маусым аралығында дәл осындай жұмыстар көшенің қарама-қарсы бетінде жүргізіледі. Осы кезеңде реверсивті қозғалыс Төле би көшесінің оңтүстік жағында ұйымдастырылады.

Жүргізушілерге жол бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауға кеңес беріледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: