Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Жол жөндеу, Алматы, Жетісу көшесі, 9 маусым, 10 маусым, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2026 18:22 Сурет: pexels
Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, 9 маусым, сағат 07:00-ден 10 маусым, сағат 07:00-ге дейін Мақатаев көшесінен №49 үйге дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толықтай жабылады.

Жол жабылады, Алматы, Жетісу көшесі, 9 маусым, 10 маусым, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2026 18:22

Сурет: Telegram/AlmatyJoly/2187

"Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту жол белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады. Көлік иелеріне жол жүру бағытыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз", делінген хабарламада.

Бұған дейін Алматыда кейбір жолдарға электросамокаттардың жүруіне тыйым салынғанын білдіретін белгілер орнатылғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: