Үкіметте Қазақстан мен Кореяның энергетика саласындағы инвестициялық ынтымақтастығы талқыланды

Сурет: primeminister.kz
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Doosan Enerbility компаниясының маркетинг жөніндегі вице-президенті Юнхо Янгпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жөнінде үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.

"Кездесу барысында Янг мырза Doosan Enerbility компаниясының энергетика саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарымен таныстырды. Атап айтқанда, Қазақстанда генераторларды, кәдеге жарату қазандықтарын, жел турбиналарын құрастыру бойынша өндірістер, сондай-ақ технологиялар трансферті бойынша құзырет орталығын құру туралы сөз болып отыр", – делінген 2023 жылғы 13 желтоқсан күні жариялаған хабарламада.

Өз кезегінде Роман Скляр Қазақстан мен Корея Республикасы стратегиялық әріптестер болып табылатынын және Doosan Enterbility инвестициялық ұсыныстары халықаралық ынтымақтастық пен елдеріміз арасындағы өзара тиімді әріптестікті нығайтуға бұдан да үлкен ынталандыру беретінін атап өтті.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Қазақстан
Скляр Роман

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін