Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы. Роман Васильевич Скляр 1971 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар: инженер-құрылысшы, экономист және заңгер. Еңбек жолын слесарь-монтаждаушы болып бастаған. Әр жылдары Астана (Нұр-Сұлтан) қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды, Павлодар облысы әкімінің орынбасары, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының вице-президенті қызметтерін атқарды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, кейіннен премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
Плитка
Тізім