Еліміздің 232 азаматы "Болашақ" халықаралық шәкіртақысының иегері атанды
Сурет: Zakon.kz
ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Роман Склярдың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 26 тамызда Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады:
"Конкурс қорытындысы бойынша республикалық комиссия еліміздің 232 азаматына «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылдады. Іріктеу кезінде бір орынға орта есеппен 5 үміткерден келді. Бұл бағдарламаға қызығушылық арта түскенін әрі бәсекелестік жоғары болғанын көрсетеді".
Жаңа стипендиаттардың:
- 179-ы магистратурада,
- 12-сі докторантурада,
- 1-еуі бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алады,
- бұдан бөлек, 40 адам шетелдік ұйымдарда кәсіби тағылымдамадан өтеді.
"Сонымен қатар 33 қазақстандыққа шетелдің алдыңғы қатарлы университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарында тағылымдамадан өту мүмкіндігі берілді. Бағдарлама отандық ғалымдардың біліктілігін арттырып, заманауи зерттеу әдістерін меңгеруіне ықпал етіп, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталған", делінген хабарламада.
Отырысты қорытындылай келе, Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр "Болашақ" халықаралық стипендиясын одан әрі жүзеге асыру мен жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Айта кетсек, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек 2026 жылғы 27 сәуірде Мәжілістегі үкімет сағатында "Болашақ" бағдарламасында бірқатар заңбұзушылықтар барын айтып, құқық қорғау органдарының қатысуымен тексеріс жүргізуді, сондай-ақ бюджет қаражатын қайтаруды ұсынған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript