172 азамат "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанды
Сурет: freepik
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Республикалық комиссия шешімімен 172 азаматқа "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалды. Олардың ішінде 138 стипендиат магистратурада, 8 адам докторантурада білім алады, сондай-ақ 26 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді, делінген Ақорда хабарламасында.
Стипендиаттардың 60 пайызы жаратылыстану-техникалық бағытында, ал қалған 40 пайызы қоғамдық-гуманитарлық сала бойынша білім алады.
Жиын соңында Мемлекеттік кеңесші бірқатар нақты тапсырма берді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript