"Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлері анықталды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2022 21:27 Сурет: Facebook/Оқу-ағарту министрлігі
ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Республикалық комиссияның шешімімен 178 азаматқа "Болашақ" халықаралық стипендиясы берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олар әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына және өндірістік орталықтарында магистратура, докторантура және резидентура бойынша білім алады, сондай-ақ тағылымдамадан өтеді, делінген Ақорда хабарламасында.

Отырыста Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Болашақ" бағдарламасын қайта бағдарлау бойынша тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінде стипендиаттардың басым көпшілігі шетелдерде инженерлік-техникалық бағытта білім алып, біліктілігін жетілдіреді.

Жиын соңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин "Болашақ" халықаралық стипендиясына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: