Жаңалықтар тізбегі
0

«Болашақ» бағдарламасына тапсыратын медицина қызметкерлері үшін IELTS балы 5.0-ке дейін төмендетілді

медицина, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.07.2022 13:08 Сурет: unsplash
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында медицина мамандығы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу қағидасын жақсарту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыста медицина қызметкерлерін даярлаудағы негізгі қиындықтар ретінде шет тілін нашар білу және орыс тілінде оқытатын үздік жоғары оқу орындарының аз екені айтылды.

Осыны ескере отырып, медицина бағытындағы үміткерлердің академиялық бағдарламаларға қолжетімділігі мен қызығушылығын арттыру мақсатында министрлік іріктеу қағидаларына бірқатар түзетулер енгізуге бастамашылық жасады.

Осылайша академиялық оқуға «медицина қызметкерлері» жеке санаты айқындалды. Мұнда «медицина қызметкерлері» санаты үшін түсу кезінде ағылшын тілін меңгерудің талап етілетін деңгейі IELTS 5.0-ке дейін төмендетілді. Сонымен қатар көрсетілген санат үшін 12 айға дейінгі мерзімге тілдік даярлыққа рұқсат етілді, – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

«Тағылымдама/Медицина» бағдарламасы бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясы гранттарының санын 15-тен 20-ға дейін арттыру туралы шешім қабылданды.

2022 жылға «Медицина» бағыты бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясының шекті саны анықталды:

  • магистратура, резидентура бағдарламалары бойынша – 25;

  • докторантура бағдарламасы бойынша – 5;

  • тағылымдама бағдарламасы бойынша – 20.

Сонымен қатар 2022 жылы Медицина бағыты бойынша конкурстық іріктеуден өткен 8 үміткерге стипендия тағайындалды.

Стипендияларды толық көлемде беру жөніндегі тапсырманы орындау мақсатында биыл шілде айының соңына дейін «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен Роттердам Эразмус университеті арасында «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде отандық медицина мамандарын даярлау туралы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: