"Болашақ" бағдарламасы аясында атом энергетикасы мамандары білім алатын болады

Образовательная программа Болашак, стипендия Болашак, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2026 09:38 Фото: Zakon.kz
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Басқосу барысында халықаралық пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар конкурстарының тізбесі қаралды, деп жазады qazaqstan.tv.

Енді аталған зияткерлік додалардың жеңімпаздары "бакалавриат" бағыты бойынша "Болашақ" стипендиясына үміткер бола алады.

Талқылау қорытындысы бойынша тізбеге математика, физика, химия, биология және басқа да жалпы білім беретін пәндер бойынша өтетін белді халықаралық олимпиадаларды қосу ұсынылды. Кейінгі 3 жылда 76 қазақстандық оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жүлдегері болғанын атап кеткен жөн.

Сондай-ақ отырыс барысында бағдарламаға жаңадан қосылған "атом саласы қызметкерлері" санаты бойынша конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар мен өлшемшарттар талқыланды. Біліктілігі жоғары кадрларды даярлау отандық атом өнеркәсібін сапалы дамытудағы маңызды қадамның бірі болады.

Жиын соңында Ғылым және жоғары білім министрлігіне және Халықаралық бағдарламалар орталығына "Болашақ" бағдарламасы аясындағы конкурстық іріктеудің тетіктерін одан әрі жетілдіру жөнінде нақты хаттамалық тапсырмалар берілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: