Жаңалықтар тізбегі
0

Ерлан Қарин мемлекеттік туды кеңінен қолдануға қатысты мәселені пысықтауды тапсырды

мемлекеттік комиссия отырысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2022 18:20 Сурет: akorda.kz
Мемлекеттік хатшы Ерлан Кариннің төрағалығымен Республикалық комиссияның мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселесі жөніндегі отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай өтетін негізгі іс-шаралар жайында баяндап, ұйымдастыру-дайындық жұмысы және жоспарға сай өтетін мәдени-көпшілік шаралар туралы айтты.

Сонымен қатар отырыста Нұр-Сұлтан қаласы, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдері мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау жөнінде баяндама жасады.

Өз кезегінде Мемлекеттік хатшы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2020 жылы Мемлекеттік рәмізді пайдалануға қатысты құқықтық актілер либерализация бағытына өзгергенін атап өтті. Осы орайда Ерлан Қарин Мемлекеттік рәміздерді, атап айтқанда, Мемлекеттік Туды кеңінен қолдануға қатысты мәселені пысықтауды тапсырды.

Комиссия төрағасы Мемлекеттік рәміздердің қоғамды біріктіретінін айтып, еліміздің ажырамас бөлігі және Тәуелсіздігіміздің бет-бейнесі екеніне тоқталды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай өтетін жалпы республикалық іс-шараларды сапалы өткізуге қатысты бірқатар тапсырма берілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: