Жаңалықтар тізбегі
0

Ерлан Қарин: Президент ұсынған реформалар жастар ортасында үлкен қолдауға ие

Жастар саясаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.03.2022 20:20 Сурет: akorda.kz
Алматыда Мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің төрағалығымен жаңартылған құрамдағы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кеңестің жаңа құрамына қоғам белсенділері, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер, өңірлердің, ауыл және шығармашыл жастардың өкілдері, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері, жастар ұйымдарының көшбасшылары кірді, делінген Ақорда хабарламасында.

Жиында Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі бағыттарына тоқталды. Ол Президент ұсынған реформалар мемлекет жаңғыруының жаңа кезеңі екенін, Жаңа Қазақстанды құру мен жаңа бастамалардың бастауы болып табылатынын атап өтті. Бұл реформалар халық арасында, әсіресе жастар ортасында үлкен қолдауға ие.

Бұл ретте Жастар кеңесінің рөлі артады. Өйткені Кеңес мүшелерін заң жобаларын, тұжырымдамаларды және басқа да стратегиялық құжаттарды талқылауға қатыстыру көзделген.

Қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде «Жастар саясаты туралы» заң жобасы қаралып жатыр. Ерлан Қарин Кеңес өкілдерін Мәжілістегі жұмыс топтарының құрамына енгізуді ұсынды. Бұдан бөлек, Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жүйелі жұмыс істеуі үшін оның жанынан түрлі комитеттер құру жоспарланған.

Жиында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов және «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Әзиз Ысқақов баяндама жасады.

Кездесу соңында Кеңес мүшелері мемлекеттік органдардың басшыларына өз сауалдарын қойып, ұсыныстарын айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: