Жаңалықтар тізбегі
0

Ерлан Қарин Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Ерлан Қарин Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2024 18:13 Сурет: akorda.kz
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиында азаматтық туралы бірқатар мәселе қарастырылды. Сондай-ақ Комиссия қызметінің негізгі бағыттары бойынша Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаев пен Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің ақпараттары тыңдалды.

Отырыс барысында Мемлекеттік кеңесші соңғы жылдары еліміздің азаматтығын алғандар саны өсіп, одан бас тартқысы келетіндердің қатары азайып келе жатқанын атап көрсетті. Бұл Қазақстан азаматтығы институтының беделі артқанын білдіреді.

Басқосу соңында Комиссия тиісті шешімдер қабылдап, нақты ұсынымдар берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: