Жаңалықтар тізбегі
0

180-нен астам азамат "Болашақ" стипендиясының иегері атанды

Болашақ, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2023 19:11 Сурет: akorda.kz
Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Комиссия шешімімен 182 қазақстандық азаматқа "Болашақ" стипендиясы берілді. Олардың ішінде 149 стипендиат магистратурада, 7 адам докторантурада білім алады, сондай-ақ 26 азамат әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Стипендиаттардың 62 пайызы жаратылыстану-техникалық бағытта, ал қалған 38 пайызы қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша білім алады.

Сонымен қатар аталған комиссия мүшелері ғалымдарға дүниежүзінің маңдайалды ғылыми орталықтарынан тағылымдамадан өту үшін берілетін гранттарды қарастырды. Комиссия шешімімен 328 қазақстандыққа грант берілді.

"Болашақ" стипендиясына құжаттар қабылдау биылғы жылдың қыркүйек айының ортасына дейін жалғасатынын айта кету керек. Ал ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасына конкурстық іріктеу 2023 жылдың қазан айының ортасына дейін жалғасады.

Жиын қорытындысы бойынша Мемлекеттік кеңесші бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: