Үкіметте Инвестициялық штабтың отырысы өтті

Отырыс, Үкімет, Инвестициялық штаб, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2025 19:37 Сурет: primeminister.kz
2025 жылы 7 ақпанда ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыс барысында 17 ірі жобаның тізіміндегі екі жобаның іске асырылу мәртебесі талқыланды. Мәселен, Астана қаласында агроөнеркәсіптік кешенін және Павлодар облысында гидрометаллургиялық комбинатын салу бойынша бірқатар ашық сауалдар қаралды.

Бірінші жоба бойынша инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 169,6 млрд теңгені құрайды, ал оны іске асыру 400 жұмыс орнын ашу арқылы жыл сайынғы бидай өндірісін 240 мың тоннаға ұлғайтады. Инвестиция сомасы 343,3 млрд теңгені құрайтын келесі жоба 300 мың тонна алтын мыс концентратын қайта өңдеуді және 500 жұмыс орнын аша отырып, шамамен 15 тонна алтын шығаруды қамтамасыз етеді.

Бұдан басқа, Ақтөбе облысының инвестициялық бағдарламасы, атап айтқанда әуежай базасында АЭА құру және "Хромтау" индустриялық аймағын дамыту талқыланды. Облыстың 74 инвестициялық жобасының ішінен 2025 жылы 1,2 мың жұмыс орнын ашумен 490 млрд теңге сомасына 10 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олардың ішінде рельсті дәнекерлеу кәсіпорнының кеңеюін, жел электр стансаларының құрылысын, жүн және тоқыма емес материалдарды қайта өңдеу кәсіпорнының құрылысын және басқаларын атап өтуге болады.

Сондай-ақ отырысқа қатысушылар теміржол және авиация салаларында стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша бірқатар ашық мәселелерді талқылады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, трансқазақстандық теміржол дәлізін дамыту елді жаһандық көлік желілеріне кіріктірудегі басты міндет болып саналады. Бұл жобалар инвестициялар тартуға, жұмыс орындарын ашуға және сауданы әрі халықаралық әріптестермен байланысты дамыту арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Сонымен қатар инвесторлардың өтініштерін талдау барысында Кәсіпкерлік кодексте экономикалық қызметке және кәсіпорындардың одан әрі кеңеюіне кедергі келтіретін норма анықталды. Бұл мәселені шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.

Бұған дейін Президенттің қосымша құн салығының үкімет ұсынған мөлшерлемесі тым жоғары деп санайтынын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: