Жаңалықтар тізбегі
0

Үкіметте ірі инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды

Үкімет отырысы, инвестициялық ірі жобалар, Роман Скляр Сурет: primeminister.kz
Үкіметте ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің (Инвестициялық штаб) кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отырыста азаматтардың Қазақстанның жер қоры туралы ақпаратқа толық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін құрылған "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" (ЖМБМК) жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады. Жүйе аясында жер учаскелерін берудің барлық процесі электрондық форматқа ауыстырылды. Бүгінгі таңда ЖМБМК арқылы 1 млн-нан астам қызмет көрсетілді, 238 мың кадастрлық паспорт берілді, делінген Үкімет баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жүйенің еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыруда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді. Осыған байланысты орталық және жергілікті атқарушы органдарға ЖМБМК-ны қажетті ақпаратпен сапалы түрде уақытылы толтырып отыру тапсырылды. Ұлттық экономика министрлігі монополистер тарапынан ЖМБМК-ге дұрыс әрі сенімді мәліметтер беру процесін бақылауға алуы керек.

Сонымен қатар отырыста арнайы экономикалық аймақтарды дамыту мәселелері талқыланды. Роман Склярдың айтуынша, олардың әлеуеті әлі толық ашылмаған. Атап айтқанда, жаңа жобаларды тарту үшін қажетті инфрақұрылымды жүргізу бойынша жұмысты жандандыру керек. Мемлекеттік органдарға нақты шешімдер дайындау тапсырылды.

Оған қоса Инвестициялық штаб отырысында екі ірі инвестициялық жобаны іске асыру барысы қаралды:

  1. Шығыс Қазақстан облысында "Қызылқайын" кен орнына жақын жерде жылына 25 млн тонна өнім шығаратын байыту комбинаты салынатын болады. Алдын ала бағалау бойынша жобаның құны 216 млрд теңгеден аспақ. 4 500-ге жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр, бұл өз кезегінде облыстың экономикалық әлеуетін дамытуға мультипликативті әсер береді.
  2. Түркістан облысындағы Өгем өзенінде су электр станциясының құбырын салу жөніндегі инвестициялық жоба ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы нысандарының тізбесіне енгізілген. Жобаның қуаты – жылына 110 млн м3 ауызсу және 72 МВт/сағ. электр энергиясы. Оны іске асыру өңірде энергия өндіруді ұлғайтуға, сондай-ақ 1 млн-нан астам тұрғынды сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға осы инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша проблемалық мәселелерді қысқа мерзімде шешу тапсырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: