Үкіметте Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті

Үкіметте Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2026 20:15 Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің (Инновациялық штаб) алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері, облыстар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары және бизнес-сектор өкілдері қатысты.

Инновациялық штаб Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша құрылды. Оның міндеті – инновациялық қызмет саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету және технологиялық басымдықтарды айқындау.

Отырыста Қазақстан Республикасындағы инновацияларды дамыту тұжырымдамасының концептуалдық мәселелері қаралды. Онда мемлекеттік қолдау құралдарын, өңірлік инновациялық жүйелерді және кадрлық әлеуетті дамыту шаралары қарастырылған.

"Нәтижесінде инновациялық белсенділікті арттыруды, Қазақстанның Жаһандық инновациялық индексіндегі орнын нығайтуды, сондай-ақ жаңа салаларды дамытуды, жоғары технологиялық жұмыс орындарын құруды және қосылған құны жоғары өнім экспортының көлемін арттыруды қамтамасыз ететін басқарылатын инновациялық жүйе қалыптастырылмақ", – делінген хабарламада.
Үкіметте Инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2026 20:15

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Жаңа модельдің негізгі идеологиялық бағыты – "Ғылым арқылы инновация" тәсілінен "Инновация арқылы ғылым" тәсіліне көшу. Оның мәні – дайын озық технологияларды меңгеріп, бейімдеу арқылы соның негізінде өз ғылымымызды дамыту, яғни мемлекет үдерісті емес, нәтижені қаржыландырады.

Отырыс қорытындысы бойынша Инновацияларды дамыту тұжырымдамасының тәсілдері мақұлданып, мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге және бизнес өкілдеріне тұжырымдама жобасын кейін бекіту үшін нақты ұсыныстар беру тапсырылды.

Сондай-ақ барлық өңірде барлық мүдделі тараптардың қатысуымен ғылыми-технологиялық сессиялар өткізу кестесін бекіту тапсырылды, олардың мақсаты – бизнестің технологиялық сұраныстарын қалыптастыру.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: