Мұнай өнімдерінің заңсыз шетелге шығарылуы: Қазақстанда мемлекеттік шекарада бақылау күшейтіледі
Сурет: freepik
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр ЖЖМ нарығындағы жағдай бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 21 тамызда Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жиынға энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов, ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепехи, Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Бижановтың, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде ішкі нарықты жанар-жағармаймен тұрақты қамтамасыз ету және шекара маңы облыстарындағы мұнай өнімдерінің айналымына бақылауды күшейту мәселелері қаралды.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, нарықтағы жағдай тұрақты, қажетті отын қоры жеткілікті.
"Жиын соңында Премьер-министрдің бірінші орынбасары жауапты мемлекеттік органдарға мұнай өнімдерінің заңсыз ағынына жол бермеу және мемлекеттік шекарада бақылауды, оның ішінде өңірлерде тауарлар қозғалысы мен отын шығынына мониторинг жүргізу арқылы бақылауды күшейту бойынша егжей-тегжейлі жоспар әзірлеуді тапсырды",- делінген ақпаратта.
Роман Скляр мемлекеттің басты міндеті ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету екенін атап өтті.
"Бағадағы алшақтық пен логистика тапшылықтың пайда болуына жағдай жасамауы керек. Аталған мәселе Үкіметтің бақылауында".Үкіметтің баспасөз қызметі
Бұған дейін Қазақстанда сирек және жерде сирек кездесетін металдарды зерттеу орталығы пайда болатындығын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript