Қазақстанда баспана қымбаттай ма - Роман Скляр жауап берді

Дом, жилье, квартира, недвижимость, покупка дома, покупка жилья, покупка недвижимости, покупка квартиры, аренда, аренда квартиры, аренда дома, аренда жилья, съемное жилье, съемная квартира, съемный дом, продажа дома, продажа жилья, продажа квартиры, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, дом в ипотеку, квартира в ипотеку, цены на квартиры, цены на жилье, цены на дома, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.07.2025 11:37 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр 2025 жылдың 31 шілдесінде үкіметте өткен баспасөз мәслихатында қазақстандықтардың жаңа Салық кодексінің қабылдануына байланысты баспана қымбаттайды деген алаңдаушылықтарына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бұл мәселені журналистер көтерді. Олар қазақстандықтардың 2026 жылдан бастап баспана 20 пайызға қымбаттайтынына алаңдаушылық білдіріп жатқанын атап өтті.

"Жаңа Салық кодексі қарапайым азаматтарға ешқандай әсер етпейді, біз биыл 19 миллион шаршы метрден астам құрылыс салуға ұмтылып жатырмыз, баспана құны нарықтық әдіспен реттеледі.Бұл жерде баспана құны тым қымбат емес. Мен бизнес-класс немесе элиталық тұрғын үй сегменті туралы емес, эконом-кластағы тұрғын үй туралы айтып отырмын – ол қажетінше қымбат тұрады. Ал біз мұнда бағаның күрт ауытқуын көріп тұрған жоқпыз", – деп жауап берді Роман Скляр.

Ал, оның айтуынша, "Бақытты отбасы" және "Наурыз жұмыскер" бағдарламалары аясында аз қамтылған азаматтарға салынып жатқан баспананың құны реттелмек.

"Мен нарықтық жолмен, бірақ баға реттеледі", – деді Роман Скляр.

Елдегі жылжымайтын мүлік нарығы өзгеруде – тұрғын үй бағасы өсуде, бірақ әртүрлі қарқынмен. Сонымен қатар, кейбір қалаларда баға тіпті төмендеп барады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: