Роман Скляр: Қазақстандағы жылу электр станциялары БЖЗҚ есебінен салынбайды
Роман Склярдың айтуынша, инвесторлар өз қаражатына Қазақстанда үш ЖЭО салуды жоспарлап отыр.
"Бұл жобаларды инвесторлар қаржыландырады, шетелдік компаниялар – "Самұрық-Энерго" және ресейлік "Интер РАО" компанияларымен тиісті келісімге қол қойылды. Ресей Федерациясының технологиялары қолданылатын болады. Мен атап өткім келеді – көмірді газға айналдырады. Көкшетауда газ болған кезде бұл көмір стансалары Астанадағы сияқты газда жұмыс істейтін болады. Біз 2060 жылға қарай декарбанизациялау жолындамыз. Зейнетақы қорының (БЖЗҚ – ред.) қаражаты игерілмейді. Олар шетелдік инвесторлардың қаражатын пайдаланады, олар Табиғи монополияларды реттеу комитеті бекітетін тариф есебінен қайтарылады", - деді ол.
Оның айтуынша, стансаларды "Самұрық-Энерго" мен "Интер РАО" бірлесіп салады.
"Бірақ инвестиция "Бәйтеректің" көздерінен немесе зейнетақы қорын қаржыландырудан түспейді, мен сізге нақты айтамын. Бірінші салынып жатқан станцияның техникалық-экономикалық негіздемесі бар, ол Көкшетауда. Одан кейін Семей, одан кейін Өскемен. Екібастұзға келсек, ГРЭС-2-ні кеңейту, бұл жұмысты "Самұрық-Энерго" өз қаражатына және қарыз көздері есебінен жүргізіп жатыр", - деп түсіндірді Роман Скляр.
2023 жылғы 14 желтоқсанда "Қазақстан үкіметі мен Ресей үкіметі арасында Қазақстан Республикасының аумағындағы Семей және Өскемен, Көкшетау қалаларында көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станцияларын салу жобалары туралы келісімге қол қою туралы" Қазақстан үкіметінің қаулысының жобасы дайындалды.