Ауылшаруашылығы министрі: Қазақстанға 160 миллиард теңге инвестиция келмек

Сурет: primeminister.kz
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Анкараға ресми сапары аясында түрік бизнес өкілдерімен келіссөздердің нәтижелері мен уағдаластықтар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстан мен Түркияның ынтымақтастығы жылдан жылға нығайып жатыр. Біріншіден, екі ел арасындағы тауарайналымы 30 млн долларды құрады. Біз бұл бағыттағы жұмысты күшейтіп, ары қарай жалғастырамыз. Бізде әлі резерв бар", - деді АШМ басшысы Айдарбек Сапаров.

Оның айтуынша, 2018 жылдан бері екі ел арасында 23 инвестициялық жоба қолға алынған. Бүгіндері соның 18-і іске қосылған, бесеуімен жұмыстар атқарылып жатыр.

"Ал біреуі бойынша бүгін талқы жүрді. Қазақстан - бидай экспорттаушы ел. Біз Tiryaki Holding өкілерімен кездесіп, келісімге қол қойыстық. Бұл арада бидайды терең өңдеу зауыты туралы сөз болып отыр. Астанадан зауыт ашу жоспары бар. Оған 160 млрд теңге инвестиция салынбақ. Бірінші кезеңде - 110 млрд теңге, екінші кезеңде - 50 млрд теңге. Мұнда бұршақ өнімдерін терең өңдеу де жүргізіледі. Бұл - өте маңызды жоба. Бізде Солтүстік Қазақсан облысында мұндай бір-ақ зауыт бар. Бұл екіншісі болады. Алда Ақмола мен Қостанай облыстарында да осындай зауыт салу жоспарда бар", - дейді министр.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Tiryaki Holding компаниясының атқарушы директоры Сүлеймен Тирьякиоғлыны қабылдағаны хабарланған. Tiryaki Holding дәнді, майлы дақылдар, жем-шөп өндіру және экспорттау бойынша әлемдегі көшбасшы компаниялардың бірі.

Түркия
Молния
Сапаров Айдарбек

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты