Президенттің Түркияға сапары: Ақтөбеде жаңа көлік-логистикалық хабы ашылады

Сурет: akorda.kz
"Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Президенттің логистика саласындағы түркиялық жетекші компания өкілімен кездесу нәтижесі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін Анкарада Мемлекет басшысының ресми сапары барысында S Sistem Lojistik компаниясы өкілдерімен кездесу болды. Кездесу барысында компаниямен логистика саласында өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді серіктестік орнату перспективасы талқыланды. Осы бағытта "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының еншілес ұйымы "Қазпошта"  S Sistem Lojistik түрік компаниясымен біріккен кәсіпорын құрмақ. Бұл кәсіпорын Ақтөбе халықаралық әуежайында логистика орталық құрады. Аталған логистикалық хаб келесі жылдың екінші жарты жылдығында іске қосылады. Бұл жоба Қазақстанның логистикалық транзиттік әлеуеттін арттырып, түрік бизнесімен арадағы қарым-қатынасқа жаңа серпін береді". "Самұрық-Қазына" қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Анкараға ресми сапары аясында түрік бизнес өкілдерімен келіссөздердің нәтижелері мен уағдаластықтар туралы пікір білдірген болатын.

Түркия
Самұрық-Қазына

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті