Алда ел азаматтарына жеңілдетілген автонесие беру қарастырылмаған - Роман Скляр

Сурет: freepik
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр 2025 жылғы 31 шілдеде Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында қазақстандықтарға алда жеңілдікпен автонесие тағы берілетін-берілмейтіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер Үкімет қазақстандықтарды жаңа көлік сатып алуға қалай ынталандырғалы отырғанын сұрады.

"Өздеріңіз білесіздер, қазірдің өзінде біз 100 млрд теңге бөліп үлгердік. Қысқа уақыт ішінде, менің ойымша, 20 күнде біздің азаматтарымыз 15 мың несие алды", - деді Роман Скляр.

Алайда, оның айтуынша, бұл жайт халық арасында жайсыз дүрбелең тудырған. 

"Қазір біздің бюджетіміздің осындай жоғары пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға мүмкіндігі жоқ, сондықтан, әзірге бұл бағдарламаны доғарамыз. Ондай жоспарымыз жоқ", – деп атап өтті Роман Скляр.

Жеңілдетілген автокредиттерге өтінімдерді қабылдау 2023 жылы 6 ақпанда сағат 10:00-де басталды. Қолжетімді 761 өтінім пулы 18 секунд ішінде толтырылды. Сайтқа кірушілердің саны бірінші минутта-ақ 125 мың адамды құрады. Сол күні көптеген азаматтар автонесиелеу сайтының "қатып қалғанын" айтып, өтінім бере алмай жатқандарына шағымданған.  

Қазақстан
Скляр Роман

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды