2026 жылы депутаттарға бюджеттен қанша қаржы бөлінеді

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 11 қыркүйекте Мәжіліс кулуарында Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы Қазақстан Парламентін ұстауға қандай сома жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер 2026 жылы Мәжіліс пен Сенатты ұстауға бюджеттен қанша қаржы бөлінгенін сұрады.


"Парламенттің қызметін қамтамасыз етуге шамамен 7,8 млрд теңге (2026 жылға арналған бюджет жобасында қарастырылған. – Ред.) – бұл нақты депутаттарды қамтамасыз етуге арналған. Сонымен қатар Сенат пен Мәжілісте саяси мемлекеттік қызметшілер бар. Және Парламенттің әкімшілік мемлекеттік қызметшілері – олардың жалақы қорына да шамамен 7,8 млрд теңге қарастырылған", – деп жауап берді Абзал Бейсенбекұлы.

Бұған дейін 11 қыркүйекте өткен үш жылдық бюджеттің таныстырылымында Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігін жоспарлау тәсілдерін сынға алғанын жазғанбыз

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті