Ұшқышсыз ұшу аппараты КҚК-дағы танкерге тағы шабуыл жасады - түсініктеме

Сурет: instagram/caspian_pipeline
Алдыңғы түні Қара теңіздегі Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалында мұнай тиеу жұмыстары жүргізіліп жатқанда NELSA танкеріне ұшқышсыз ұшу аппараты шабуыл жасады. Консорциум аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шабуыл салдарынан 19-нан 20 шілдеге қараған түні кемеде өрт болды. Бірақ ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, өрт жедел түрде сөндірілді.

"Зардап шеккендер жоқ, мұнайдың теңізге төгілуіне жол берілмеді. Қазіргі уақытта кеменің техникалық жағдайын және оқиғаның салдарын бағалау жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумымен тұрақты байланыста", деп хабарлады ведомстводан.

Өз кезегінде, КҚК баспасөз қызметі шабуыл кезінде NELSA танкері №1 қашықтан тиеу құрылғылары жанында мұнай тиеу үшін тұрғанын хабарлады.

"Ұшқышсыз ұшу аппараты кеме бортының артқы оң жағы – қондырма мен машина-қазандық бөлімшесі орналасқан тұсқа тиді", – дейді консорциумдағылар.

КҚК азаматтық танкерлерге жасалған алдыңғы шабуылдан кейін Қазақстан мен АҚШ-тың жүк жөнелтушілері мұнайды тиеуге 19 шілдеде кешке қайта кіріскенін атап өтті. Алайда, келесі күні, 20 шілдеде азаматтық кеме қайтадан шабуылдауға ұшырады.

"Дронның танкерге жасаған соққысынан кейін палубада және ішкі бөліктерде өрт шықты. Өртті бірнеше сағат ішінде кеменің жүк тиеу бригадалары КҚК-ның апаттық-құтқару бөлімшелерімен бірлесіп жойды". КҚК

Құрамында 22 адамнан тұратын халықаралық экипаж КҚК-ның көмегімен эвакуацияланды. Консорциумның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ, КҚК бірінші шабуылдан кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Энергетика министрлігі азаматтық мақсаттағы аса маңызды энергетикалық инфрақұрылым нысандарына жасалған мұндай шабуылдарға жол беруге болмайтын әрекет болып табылатынын еске салды.

Ресей
АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан бүгін 12 алтын, 7 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

Біртұтас әрі жасампаз ұлт ретінде дамудың даңғыл жолына түстік – Тоқаев