Қазақстан мұнайы тиелген танкерлерге дрондар шабуыл жасады: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

Добыча нефти, нефтедобыча, нефть, нефтяная скважина, нефтедобывающее оборудование, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2026 10:23 Фото: pexels
Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалында Қазақстан мұнайын тиеп жатқан екі танкерге ұшқышсыз ұшу аппараттары шабуыл жасады. Оқиғаға байланысты Қазақстанның Энергетика министрлігі ресми мәлімдеме жасап, жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 19 шілдеде Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында мұнай тиеу операциялары жүргізіліп жатқан кезде "ASIA" және "NISSOS IOS" танкерлері ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына ұшырады. Аталған кемелер Қазақстанда өндірілген мұнайды тиеуді жүзеге асырып жатқан. Танкерлердің бортында халықаралық экипаж мүшелері болған.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, шабуыл салдарынан танкерлерде өрт шыққанымен, экипаждардың жедел іс-қимылының арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. №1 және №3 қашықтан тиеу құрылғылары зақымданған жоқ. Теңіз акваториясына мұнайдың төгілуіне жол берілген жоқ.

"Қазіргі уақытта терминалда мұнай тиеу жұмыстары оқиғаның салдарын бағалау аяқталғанға дейін уақытша тоқтатылды. Мұнайды жөнелтуді қайта бастау туралы қосымша ақпарат қолжетімді болған сайын ұсынылады". ҚР Энергетика министрлігі

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі азаматтық мақсаттағы аса маңызды энергетикалық инфрақұрылым нысандарына жасалған мұндай шабуылдарды жол беруге болмайтын әрекет деп санайды.

"Халықаралық энергетикалық инфрақұрылым нысандарына кез келген күш қолдану жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке қатер төндіреді, энергетикалық ресурстардың үздіксіз халықаралық сауда тетіктерін бұзады және жобаға қатысушылардың экономикалық мүдделеріне елеулі зиян келтіреді",- деп нақтылады ведомство.

Өз кезегінде, ҚР СІМ бұл әрекеттерді Қазақстанның экономикалық мүдделеріне қол сұғушылық деп бағалап, келтірілген залал үшін халықаралық құқық аясында өтемақы талап ету құқығын өзіне қалдыратынын мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: