ШҚО-да дұрыс тамақтану рационын үйге жеткізу сервисінің әрекетінен 21 тұтынушы зардап шеккен

Сурет: pexels
Шығыс Қазақстан облысында дұрыс тамақтану рационын үйге дейін жеткізу сервисі тұтынушылардан алдын ала төлемді қабылдап, бірақ өз міндеттемесін орындамаған. Соның кесірінен 21 тұтынушы зардап шеккен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 19 тамызда Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады:

"Өңір тұрғындары көмек сұрап, жаппай ШҚО бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінді. Нәтижесінде бұл оқиғаға бір ғана наразы клиент емес, дәл осындай жағдайға тап болған бірден 21 тұтынушы қатысты болып шықты. Департамент тұтынушылардың мүддесін қорғауға кірісті. Алдымен мәселені сотқа жеткізбей шешуге әрекет жасалған. Тұтынушылар кәсіпкердің өзіне тікелей жүгініп, департамент кәсіпкерлік субъектісіне сотқа дейінгі талап та жолдады. Алайда бұл өтініштер де, ақшаны қайтару туралы талаптар да нәтиже бермеді. Осыдан кейін іс сотқа жетті".

ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңы азаматтардың қызметтердің тиісті сапасын талап етуге құқылы екенін тікелей қарастырады. Ал қызмет тиісті деңгейде көрсетілмеген немесе орындаушы өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, тұтынушы шартты бұзып, төлеген ақшасын қайтаруды талап ете алады. Сонымен қатар заңнама уәкілетті органға бірдей құқық бұзушылық оннан астам адамның құқықтарына қатысты болған жағдайда, тұтынушылардың белгісіз тобының құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда олардың саны 21 адам болды.

"Департамент зардап шеккен клиенттердің құқықтарын қорғауды және көрсетілмеген қызметтер үшін ақшаларын қайтаруды талап етіп, Өскемен қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына ұжымдық талап-арыз берді. 2026 жылдың 16 шілдесінде сот департаменттің талап-арызын қанағаттандырып, бұл іске нүкте қойды. Енді кәсіпкер 21 тұтынушыға көрсетілмеген қызметтердің ақшасын ғана емес, талаптарды орындау мерзімін бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбын да төлеуге міндетті. Негізгі материалдық залал 3 055 138 теңгені құрады, тағы 611 028 теңге тұрақсыздық айыбы ретінде өндірілді", делінген хабарламада.

Бұған дейін Қазақстанда ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялауға қатысты жаңа талаптар енгізілгені хабарланған.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру тәртібі өзгерді

Пробация инспекторлары ес-түссіз жатқан сотталған азаматтың өмірін сақтап қалды

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қызметтік көлікпен әйелді қағып өлтіріп, қашып кеткен: Алматы облысындағы ХҚКО қызметкеріне қатысты дау