Энергетика министрі мұнай мен газ саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Сурет: Telegram/ortcom_kz
Қазақстанда жыл сайын 6 қыркүйекте Мұнай-газ саласы қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Айтулы датаға орай сала басшысы Ерлан Ақкенженов құттықтау сөз арнады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың Мұнай-газ саласы қызметкерлерінің күнімен құттықтауы ведомствоның Instagram-дағы парақшасында жарияланды.

"Құрметті мұнай-газ саласының қызметкерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекеміз – Мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әрбір тонна мұнай мен әрбір текше метр газдың артында үлкен еңбек, жауапкершілік пен жоғары кәсібилік тұр. Күн сайын сіздер кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып келесіздер. Өткен жыл біз үшін рекордтық көрсеткіштермен ерекшеленді: мұнай өндіру көлемі тоқсан тоғыз бүтін бес миллион тоннаға жетті". Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов

Оның айтуынша, алда жаңа міндеттер мен елеулі белестер тұр.

"Сіздердің тәжірибе, білім мен бірлескен еңбектеріңіздің арқасында бұл міндеттерді абыроймен орындай аламыз. Біз мұнай өндірумен ғана шектелмей, саланы кешенді түрде дамытып келеміз. Былтыр еліміздің мұнай өңдеу зауыттарында он сегіз бүтін төрт миллион тонна мұнай өңделді.Мұнай-газ химиясы мен газ саласын да дамытып, жаңа өндірістер мен жұмыс орындары ашылуда. Табиғи газ қолжетімді болуда. Бүгінде елімізді газдандыру деңгейі алпыс төрт пайыздан асты. 13 миллионнан астам азаматымыз табиғи газдың игілігін көріп отыр", - дейді министр.

Бұған дейін ҚР вице-президенті Ерлан Қарин еліміздегі танымал бірқатар мүсіншілермен кездесіп, ескерткіштерге қатысты бірқатар маңызды бағыттарды белгілегені хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды