Ерлан Қарин: Ескерткіштердің мағыналық, мазмұндық сапасына аса мән берілетін болады

Ескерткіш, Ерлан Қарин, мүсіншілер, кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2026 09:39 Сурет: Facebook
ҚР вице-президенті Ерлан Қарин еліміздегі танымал бірқатар мүсіншілермен кездесіп, ескерткіштерге қатысты бірқатар маңызды бағыттарды белгіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанда алдағы уақытта тарихи жадты сақтау мәселелерімен жүйелі түрде айналысатын болады. Бұл туралы Ерлан Қарин 2026 жылы 5 қыркүйекте Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.

"Осыған дейін ескерткіштерді орнатуды реттеп, тәртіпке келтірдік. Енді олардың мағыналық, мазмұндық сапасына қатысты жұмысты бастаймыз. Өйткені, барлығына ортақ бір ұстаным керек", деп жазады вице-президент.

Оның айтуынша, өңірлерде ашылған ескерткіштерден жершілдік пен қоғамдағы тағы да басқа бір кеселдердің белгілері байқалады.

"Шын мәнінде, қандай да бір ескерткіш, мүсін немесе шағын сәулет формасы болсын белгілі бір деңгейде ұлттық бірегейлікті дамытуға, ортақ қоғамдық құндылықтарды орнықтыруға қызмет етуі керек. Сондықтан, қалыптасқан осы бір кемшіліктерді түзетумен жүйелі әрі тұрақты негізде айналысуды көздеп отырмыз. Бұл ретте, еліміздің бірқатар танымал мүсіншілерімен кездесіп, өз ой-пікірлеріммен бөлістім. Олармен бірнеше жаңа бағытта жұмыс жүргізуге келістік", делінген жазбада.

Бұған дейін ҚР вице-президенті Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жаңадан жұмысына кіріскен Құрылтай туралы жазған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: