ҚХА сессиясы тек мерейтойлық іс-шара ғана емес, саяси айтулы оқиға болды – Ерлан Қарин

ҚХА сессия, Қасым-Жомарт Тоқаев, Ерлан Қарин, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2025 20:57 Сурет: akorda.kz
ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХА сессиясында сөйлеген сөзіне тоқтала отырып, ондағы бірқатар маңызды жайттарды баса атап көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлан Қариннің пікірінше, ҚХА сессиясы тек мерейтойлық іс-шара ғана емес, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік саясаттың жаңа бағыттарына баса назар аудартқан тағы бір айтулы оқиға болды. 

Біріншіден, Президент көптеген ағымдағы міндеттерге қарамастан, этносаралық келісімді нығайту барлық мемлекеттік органдардың, әсіресе халықаралық алаңда орын алған елеулі шиеленіс пен дүдамалдылық аясында негізгі басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

Екіншіден, Мемлекет басшысы ҚХА туралы белең алған түрлі дақпыртттарды жоққа шығарды және Ассамблеяның қызметіне жоғары баға беріп, оның этносаралық қатынастар саласындағы барлық мемлекеттік саясатты әзірлеу жөніндегі стратегиялық штаб ретіндегі жаңа перспективалық рөлін айқындады.

Үшіншіден, Президент қазақ тілі біртіндеп этносаралық қатынас тіліне айналуы тиіс екенін тағы да атап өтті. Бірақ, бұл - біздің эволюциялық жолмен бет алып бара жатқан мақсатымыз. Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту міндеті салмақты, ақылға қонымды тәсіл негізінде мәжбүрлеусіз шешілетін болады. Тіл мәселесін саясиландырушы кез-келген әрекеттің, арандатушылықтың түбіріне бірден балта шабылады. 

Төртіншіден, Мемлекет басшысы тарихқа сындарлы, объективті көзқарас қажет екенін тағы да атап өтті. Осы тұрғыда ол алдағы Ұлы Жеңіс мерейтойының ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Біздің еліміз үшін бұл – ең алдымен, ержүрек батырларымызды жадымызда сақтау, олардың жанқиярлық еңбегі мен ерлігін, парызға адал және антқа берік болғанын ұмытпау деген сөз. Еліміз бойынша 500-ден астам көшеге бұған дейін елеусіз қалған жергілікті қаһармандардың есімін беру туралы шешім осы соғысқа қатысушыларды қаншалықты қадір тұтатынымызды көрсететін маңызды қадам.

Бесіншіден, Президент ішкі және сыртқы саясатта біз әрқашан біреудің әдістемесіне сүйенбей, тек ұлттық мүдделерімізге сай әрекет ететінімізді анық жеткізді. Барлық серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастық және халықаралық құқықты сақтау негізіндегі диалогты бағдар етеміз.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 24 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөз сөйледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: