«Хаббл» телескопы объективіне ғаламдағы ең көне жұлдыз ілінді

Сурет: pixabay
Еуропалық ғарыш агенттігінің (ESA) ғарыш телескопы мен NASA Hubble объективіне Жерден өте алыс орналасқан Earendel жұлдызы ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шамамен 13 миллиард жыл бұрын пайда болған аспан денесі Эрендел деп аталfды, деп хабарлайды Еуропалық ғарыш агенттігі.

Америкалық астроном Брайан Уэлш өз әріптестерімен бірге 3,5 жыл бойы "Хаббл" суреттерін зерттеп, телескоп бірнеше жұлдыздардың жарқылын емес, бір жұлдыздың жарығын түсірген деген қорытындыға келді.

Уэлш Жер мен Earendel арасында орналасқан үлкен галактикалық жиынтықты ұлғайтып қарау кезінде жұлдыздың ашылғанын атап өтті. Бұл жиынтық массасы ғарыш матасын деформацияға ұшыратып, оның арғы жағында орналасқан алыс нысандарды көрінетін жағдай туғызды.

Жұлдыз Үлкен жарылыстан кейін 900 миллион жыл өткен соң жарқырап шықты, бұл телескопқа ілінген ең көне Жарық.

"Хаббл" - ғарыштағы ең ірі телескоптардың бірі, 1990 жылдан бастап жұмыс істейді және NASA-ның ірі обсерваторияларының тізіміне кіреді. Хаббл NASA және Еуропалық ғарыш агенттігінің командасымен бірлесіп құрылған.

Қызықты
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев халықтық цифрлық экономиканы дамыту туралы жарлыққа қол қойды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Шығыс Қазақстан облысында жаңа ветеринариялық пункттер ашылуда

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды