ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді

Сурет: Zakon.kz
Биылдан бастап талапкерлер негізгі ҰБТ кезінде Менделеев және тұздар ерігіштігі кестесінің электронды нұсқасын да, қағаз нұсқасын да қолдана алады. Кестелердің қағаз нұсқасы тест тапсырушыларға ҰБТ кезінде таратылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жаңалықты Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында Атырау қаласы мектептерінің түлектерімен кездесуде айтып, Менделеев (Химиялық элементтердің периодтық жүйесі) және тұздар ерігіштігі кестесінің басып шығарылған нұсқасын көрсетті.

"Баршаңызға мәлім, "Химия" пәнін тапсырушыларға Менделеев және тұздар ерігіштігі кестесі компьютерде беріледі. Алайда түлектер оның қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат сұрады. Осыған дейін айтқанымдай, біз 2023 жылғы ҰБТ-да тестіленушілердің қалауы бойынша кестелердің қағаз нұсқасын беру туралы шешім қабылдадық", - деп атап өтті Руслан Емелбаев. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев

Сурет: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Сондай-ақ ведомство өкілдері тестілеу кезінде барлық талапкер үшін компьютер экранында "Математикалық сауаттылық", "Математика", "Информатика", "Физика", "Химия" және "География" пәндері бойынша есептерді шешу үшін калькулятор қолжетімді болатынын атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды