Сенат депутаты Зәкіржан Кузиевтің айтуынша, біраз жылдар бойы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығының кеш шығуына және оның әділет органдарында тіркелуіне байланысты 1-11-сынып аралығындағы оқулықтар жүйелі түрде уақтылы алмайды. Оқулықтар әрі кетсе оқу жылының 2-тоқсанның басында, кейде тіпті соңында келеді.
"Бұл факт білім сапасына елеулі түрде әсер етеді, ата-аналар мен оқушылардың наразылығын тудырады", – дейді депутат.
Мысалы: 2019-2020 оқу жылында 10-сыныптарға арналған оқулықтар қараша-желтоқсан айларында, 2020-2021 оқу жылында 11-сыныптарға арналған оқулықтар қараша айының басында, 2021-2022 оқу жылында 1-сыныптарға арналған оқулықтар қараша айының басында, 2022-2023 оқу жылында 2-сыныптарға арналған оқулықтар қазан айының басында алынды.
"Бұл ретте, Министрліктің ресми жауабына сәйкес, тиісті біліктілігі бар кадрлардың жеткіліксіздігіне байланысты пәндер бойынша өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептер мектептер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенін дайындау үшін авторлық ұжымдарды қалыптастыру мүмкін емес. Осы процедуралардың барлығын орындау айтарлықтай қосымша уақыт ресурсын қажет етеді. Бұл өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқитын мектеп оқушыларын оқулықтармен және ОӘК-мен кеш қамтамасыз етудің себебі болып табылады".Сенатор Зәкіржан Кузиев
Оның сөзінше, сонымен қатар бүгінгі күні неміс тілін үйренетін мектептер (10 мыңға жуық оқушылары бар 40 мектеп) оқулықтармен және ОӘК-мен толық қамтамасыз етілмейді. Соңғы жылдары білім басқармалары қалыптастыратын өтінімдердің болмауына байланысты Министрлік оқулықтар сатып алған жоқ. Өз кезегінде білім басқармалары оқулықтар санынының аздығығына негіздеп, осы мектептерден неміс тіліндегі оқулықтарға өтінімдерді қабылдаудан бас тартқан.
"Осылайша, Министрлік бұл мәселені шешудің жолын ұсынбады, тек уақыт пен кадрлар жоқ деген сияқты салғырт жауап берумен айналысуда. Осы арқылы Министрлік қалыптасқан проблеманы шешуге өзінің немқұрайлылығы мен біліксіздігін көрсетуде", – дейді сенатор.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, сенаторлар мынанда ұсыныс жасады:
- өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді шығару мерзімдерін оңтайландыру және қайта қарау;
- оқушыларға осындай оқулықтарды уақтылы басып шығару және жеткізу мақсатында барлық кезеңдердегі жұмысты үйлестіру;
- өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептер үшін оқулықтар мен ОӘК дайындау бойынша тиісті мамандарды (филологтарды) оқыту үшін гранттар бөлуді көздеу;
- Қазақстан этностарының тілдері оқытылатын лингвистикалық мектептер үшін оқулықтармен және ОӘК-мен толық көлемде қамтамасыз ету.