Қазақстандық жас ғалымның медициналық стартабы халықаралық байқауда үздік деп танылды

Сурет: Telegram/gylym_jogary_bilim
Дания астанасы Копенгагенде Global Startup Awards халықаралық конкурсы өтті. Байқауда "Болашақ" бағдарламасының түлегі Досжан Жүсіповтің медициналық стартабы Best VerTech startup 2023 номинациясында топ жарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, қазақстандықтар Кения, Нигерия, Түркия, Дания, Өзбекстан және Норвегиядан келген бәсекелестерді басып озды. Конкурсқа барлығы 120 елдің командасы қатысған.

"Болашақ түлегінің "Cerebra" атты инновациялық әзірлемесі инсультті  барынша жылдам әрі нақты диагностикалауға көмектеседі. Жасанды интеллект 4 минуттың ішінде инсультті анықтайды және бас миының нақты картинасын ұсынады" – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Досжан Жүсіповтің айтуынша, әдеттегі практикада бұған дәрігерлердің бірнеше сағаты кетеді, ал өңірлерде анықтау үшін тәулік өтуі мүмкін.

"Платформа ишемиялық және геморрагиялық инсультті анықтайды", – дейді жас ғалым.


Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады