Қазақстанда оқушы жаңа өлшем бірліктер кестесін ойлап тапты

Бұл жаңалық - "Роза - өлшем бірліктер кестесі" деп ресми атау алды. Дарынды оқушының ғылыми еңбегі республикалық байқауда жоғары бағаланып, бас жүлдені жеңіп алған. Роза Садық Қызылорда қаласындағы № 5 мектеп-лицейдің 6-сыныбында оқиды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24-тің" мәліметінше, ол математика пәнінің тапсырмасын орындау барысында өлшембірліктерді есептеуге ұзақ уақыт жұмсауға мәжбүр болғанын айтады. "Жаңа кестені ойлап табудағы басты идея осындай есептердің оңай жолын табу барысында туындаған. Жаңа формуланың бірнеше ерекшелігі бар", - дейді ізденімпаз оқушы.

"Бұның бірінші ерекшелігі - ұзындық, қашықтық, аудан, көлем, масса өлшембірліктерімен есептегенде жеңіл. Екінші ерекшелігі - үлкен өлшембірліктерді кіші өлшембірліктермен өрнектеу, ал үшінші - ерекшелігі өлшембірліктерді бағандап, қосып, азайту. Төртінші ерекшелігі - өлшембірліктерді ондық бөлшек түрінде өрнектеу, ал бесінші ерекшелігі - үлкен өлшембірліктерді кіші өлшембірліктермен өрнектеу. Алтыншы ерекшелігі - үлкен өлшембірліктепрді кіші өлшембірліктермен өрнектегенде теріс дәрежелі сандармен өрнектеу". Оқушы Роза Садық

"Жобаның басты жаңалығы - математикалық өлшембірліктермен жұмыс жасаудың әдістемелік кестесін есептер шығару барысында қолдану болып табылады. Пәнді оқытудың әдістемесін жетілдіретін бұл жаңа кесте бүгінде білім беру ұйымдарында сабақ процесінде қолданылып келеді", - дейді жетекшісі Ғабиден Төлебайұлы.

"250 миллион, 345 миллион миллиметрді келометрге айналдыру үшін отыру керек. Ол бір мезетте 10 минут, 20 минут, машығы бар адамдарға 5 минут уақытын алады. Ол деген көп уақыт қой. Кестенің бір жақсы жері бастауышта да жақсы жұмыс істеуге болады бұнымен. Негізгі сыныптарда да жақсы жұмыс істеуге болады. Және жоғары сыныптардың лабораториялық жұмыстарында, мысалы физика, химия сияқты лабораториялық жұмыстарында өлшембірліктерді түрлендірудің калькуляторы ретінде пайдалануға болады". Математика пәнінің мұғалімі Ғабиден Төлебайұлы

Ұлттық зияткерлік меншік институты жас автор Роза мен жетекшісі Ғабиден Төлебайұлына авторлық құқық куәлігін табыстаған. Осылайша бұл жаңалық - "Роза - өлшем бірліктер кестесі" деп ресми аталды. Жас өреннің бұл жаңалығы республикалық ғылыми зерттеу жобалары конкурсының республикалық кезеңінде үздік деп танылып, ғалымдардың таңданысын туғызған. Нәтижесінде Роза аталмыш байқауда Гран-при иегері атанды. Айта кетейік, қызылордалық оқушының бұл еңбегі математика іліміне тағы бір жаңа формула ретінде енгізіліп отыр.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: