Шымкентте мектеп түлегі төрт халықаралық университетке шақырту алды

Сурет: видеодан скриншот
Шымкент қаласындағы сегізінші гимназияның 11-сынып оқушысы Адия Райымқұл әлемнің төрт университетінен оқуға шақырту алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түлек өзі үшін ең қолайлы университетті таңдауы керек. Адия Райымқұл биоинженер және генетика мамандығын меңгеруге бел буған, шетелде оқуын аяқтаған соң туған жері Шымкентке оралғысы келетінін айтты, деп жазды Otyrar.

"Университеттер АҚШ-та, Австрияда және Эстонияда орналасқан. Олардың ішінде әлемдегі ең үздік 20 университеттің қатарына кіретін  Мадисондағы Висконсин университеті бар. Әр университетте әртүрлі шарттар бар. Бірақ, негізінен, ағылшын тілін жақсы білуің керек. Бұл университеттерге шақырту алу үшін мен олар туралы интернеттен ақпарат алдым. Сонан соң емтихандарды тапсырып, оқуға түстім". Адия Райымқұл

Жас түлек Қазақстандағы Nazarbayev University университетіне де оқуға шақырту алғанын айтты.

"Адия бастауыш сыныпта да ізденімпаз қыз болды. Бұрын біз бүкіл сыныпқа бір тапсырма беретінбіз, ал Адия бірден бірнеше тапсырманы орындайтын. Әрқашан білімге құмар болды. Оның әлі де ерекше қасиеті бар: ақпаратты бір көзден таба алмаса, қажетін тапқанша  ізденеді. Адия өте талантты әрі талапкер қыз". Аниза Қадиева, сынып жетекшісі

Әдия Райымқұл төрт тілді меңгерген: қазақ, ағылшын, орыс және неміс. Сонымен қатар жастайынан спортпен айналысып, үлкен жетістіктерге жетіп келеді.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты