Аймағамбетов оқушылары қысылып-қымтырылып оқып жатқан мектептер жөнінде пікір білдірді

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов 2023 жылғы 13 қыркүйекте палата кулуарында әлеуметтік желіде тараған мектептердегі жағдайды көрсететін бейнежазбаларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Асхат Аймағамбетов мектептердегі бала санының көптігі мәселесіне тоқталды.

"Мектептердегі бала санының көптігіне байланысты жағдайды айтатын болсақ, үш ауысымды мектептердің саны айтарлықтай азая қойған жоқ, өйтккені оның ішінде дайын әлеуметтік инфрақұрылымы жоқ мегаполистерімізде құрылыс жүріп жатқаны тағы бар. Құрылыс қарқынды жүріп жатқан жерлерде балалар үш ауысымда оқиды. Бірақ мұндай көпқабатты тұрғын үйлерді салуға рұқсат бергенде әкімдіктің осындай айқын жағдайларды ескермегеніне балалар кінәлі емес",  – деді мәжілісмен.

Оның айтуынша, депутаттар дайын мектептер, балабақшалар мен әлеуметтік инфрақұрылымдар болмаған жағдайда мұндай көппәтерлі тұрғын үйлерді салуға рұқсат беруге тыйым салатын заң жобасын дайындаған.


Қазақстан
Аймағамбетов Асхат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін