Қазақстанда колледждердің қанша студенті хостелде тұрады

Сурет: pixabay
Желтоқсанның 5-інде өткен үкіметтің баспасөз мәслихатында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 900-ден астам колледж студенті хостелдерде тұрып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр жатақханадағы орын тапшылығы мәселесі жүйелі түрде шешіліп жатқанын атап өтті. 2022 жылы орын тапшылығы 12 мың болса, бқл көрсеткіш 2023 жылы екі есе азайған. Тапшылық негізінен Астана, Алматы қалалары мен Ақмола облысындағы колледждерде байқалады.

"Хостелдерде негізінен жеке меншік колледждердің студенттері тұрады. Біз толықтай есеп жүргізіп отырмыз – бұл хостелдерде 900-ден сәл астам студент тұрады. Бұл осы өңірлердегі шамамен 14 хостел. Негізінен Астанада – 800-ге жуық адам. Тиісті шаралар қабылдап, белгілі бір жұмыстарды күшейтіп, жалғастырамыз". Ғани Бейсембаев

2023 жылдың соңына дейін Ақмола облысында 300 орындық жатақхана пайдалануға беріледі. Жалпы, колледж студенттеріне арналған жатақханадағы орын тапшылығы мәселесі екі жылдың ішінде шешіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова мерейтойын атап өтті: әншіге желіде күтпеген сұрақ қойылды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

ҰБТ-да талапкерлерге Менделеев кестесінің қағаз нұсқасын пайдалануға рұқсат етілді

43 градус ыстық, найзағай, бұршақ: 12 тамызда күн райы қандай болады