"Қар, көктайғақ, бұрқасын". Бейсенбіде еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды
Сурет: pixabay
Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыс бойынша жолдарда көктайғақ болатыны да болжанады.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды.
Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 19 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің кей уақыттардағы екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, ал түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте 19 қарашада күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Түркістанда 19 қарашада күндіз оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болатыны да болжанады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда 19 қарашада түнде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Қарағандыда да 19 қарашада түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Павлодарда да 19 қарашада тұман болатыны болжанады.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Өскеменде 19 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болатыны да болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде кей уақытта 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда 19 қарашада түнде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады, тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Қызылордада 19 қарашада кей уақытта көктайғақ болады, тұман түседі деп күтіледі.
Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде аздап қар жауады, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болатыны да болжанады.
Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша 19-21 қараша аралығына арналған ауа райы болжамымен бөліскен болатын.