Астанада 6 градусқа дейін аяз болады, Алматыда жауын-шашынсыз, Шымкентте күн 20 градусқа дейін жылынады

Алматы, Алматы зимой, виды города Алматы, зима в Алматы, зимой в Алматы, зимний Алматы, заморозки в Алматы, мороз в Алматы, снег в Алматы, похолодание в Алматы, снегопад, снегопад в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2026 15:18 Фото: Zakon.kz
19–21 қарашада Астана мен Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Елордада түнде ауа температурасы 6 градус аязға дейін төмендейді, ал Алматыда күндіз 15 градусқа дейін жылы болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкентте жаңбыр жауғанымен, қараша айы үшін күн әдеттен тыс жылы болып, ауа температурасы 20 градусқа дейін көтеріледі.

"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 19, 20 және 21 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Астана

Алдағы үш күнде аспан ала бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді.

19 қарашада түнде 4–6 градус аяз, күндіз 1–3 градус жылы болады. Оңтүстік бағыттан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады.

20 қарашада түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с болады. Түнде 2–4 градус аяз, күндіз 3–5 градус жылы болады.

21 қарашада жел оңтүстік-шығыстан 5–10 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде 1–3 градус аяз болса, күндіз ауа температурасы 5–7 градусқа дейін көтеріледі.

Алматы

19–21 қарашада аспан ала бұлтты болады, жауын-шашын жаумайды. Үш күн бойы оңтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады.

19 қарашада түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде 2–4, күндіз 12–14 градус жылы болады.

20 және 21 қарашада түнде 5–7, күндіз 13–15 градус жылы болады.

Шымкент

Үш күн бойы аспан ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 18–20 градус жылы болады.

19 қарашада күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел әуелі оңтүстік-шығыстан, кейін оңтүстік-батыстан соғады. Желдің жылдамдығы 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде 6–8 градус жылы болады.

20 қарашада түнде және таңертең жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде және таңертең желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түнгі ауа температурасы 10–12 градус жылы болады.

21 қарашада ара-тұра жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні кей уақытта 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде 11–13 градус жылы болады.

Бұған дейін синоптиктер циклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы бұзылатынын және ауа температурасы 13 градус аязға дейін төмендейтінін ескерткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: