Астанада жаңбыр жауып, түнде -5 градусқа дейін аяз болады: ал Алматы мен Шымкентте күн райы қандай
Фото: unsplash
Бұл туралы Zakon.kz сайтына "Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 7, 8 және 9 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Астана қаласы бойынша ауа райы болжамы
7 қараша: көшпелі бұлтты, түнде және күннің бірінші жартысында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°С, күндіз +7...+9°С.
8 қараша: көшпелі бұлтты, күннің соңында жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°С, күндіз +7...+9°С.
9 қараша: көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +4...+6°С, күндіз +9...+11°С.
Алматы қаласы бойынша ауа райы болжамы
7 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°С, күндіз +16...+18°С.
8 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +5...+7°С, күндіз +18...+20°С.
9 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°С, күндіз +20...+22°С.
Шымкент қаласы бойынша ауа райы болжамы
7 қараша: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°С, күндіз +21...+23°С.
8 қараша: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°С, күндіз +24...+26°С.
9 қараша: көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз кей уақытта жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15°С, күндіз +18...+20°С.