Алматы мен Шымкентте күн +42°C-қа дейін ысиды: Астанада ауа райы қандай болады
Фото: unsplash
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК Zakon.kz-ке ұсынған 2026 жылғы 30–31 шілде мен 1 тамызға арналған ауа райы болжамында айтылған.
Астанадағы ауа райы болжамы
30 шілде: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыс бағыттан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7 м/с, күндіз 7-12 м/с болады. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +33...+35°C қатты ыстық болады.
31 шілде: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +34...+36°C қатты ыстық болады.
1 тамыз: көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +33...+35°C қатты ыстық болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы
30 шілде: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +31...+33°C болады.
31 шілде – 1 тамыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан және шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +34...+36°C қатты ыстық болады.
Шымкенттегі ауа райы болжамы
30 шілде: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +38...+40°C қатты ыстық болады.
31 шілде: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +39...+41°C қатты ыстық болады.
1 тамыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +40...+42°C қатты ыстық болады.
Бұған дейін синоптиктер Ираннан Қазақстанға +44°C-қа дейінгі аптап ыстық келе жатқанын хабарлаған еді. Сондай-ақ ел аумағында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейіп, кей жерлерде бұршақ жауады.