Қазақстандық оқушы Халықаралық экономика олимпиадасында абсолютті чемпион атанды

Сурет: ҚР Оқу-ағартау министррлігінің баспасөз қызметі
Астаналық NIS-тің 11-сынып оқушысы Батырхан Мұхтархан Грекияда өткен халықаралық экономика олимпиадасында (EO-2025) абсолютті чемпион атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

EO-2025 олимпиадасына әлемнің түкпір-түкпірінен ұлттық іріктеуден өткен 100 мыңнан астам үміткер қатысты. Финалда 28 елден келген 128 мықтылар бақ сынады. Олар экономика мен қаржы саласындағы ең күрделі теориялық және практикалық тапсырмаларды – нақты жағдайларды талдаудан бастап шешімдерді модельдеуге дейін орындады.

Батырхан жалпы есепте бірінші орынды сенімді түрде иеленіп, АҚШ, Канада, Қытай, Нидерланды, Польша, Чехия, Грекия және басқа да елдердің қарсыластарын артта қалдырды.

Айта кетейік, Батырханның қоржынында бірқатар жетістіктер бар: Экономика және қаржы бойынша республикалық олимпиаданың қола жүлдесі, Экономикадан халықаралық олимпиаданың (IEO-2024, Гонконг) қола жүлдесі, IEO-2025 (Әзербайжан) алтын жүлдесі, EFI олимпиадасындағы жеңіс (Нархоз, Қазақстан). Кезекті – жеңісі EO-2025 абсолютті алтыны.

"Мен үшін ең бастысы – жаңа нәрсені үйрену, күрделі тапсырмаларды шешу және өзімді дамыту. Өз жетістіктеріммен замандастарымды шабыттандырғым келеді", – дейді Батырхан.

Оқу-ағарту министрлігі Батырхан Мұхтарханның жаңа буын зияткерлерінің жарқын өкілі екенін баса атап өтеді.

"Оның жетістіктері тек жеке жеңіс қана емес, сонымен қатар Қазақстанның әлемдік білім беру аренасындағы беделін арттырды. Біз Батырханға жаңа оқу жылында еліміздің игілігі үшін бұдан да биік шыңдарды бағындыруын тілейміз", делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін Қытайда Қазақстан құрамасы мектеп оқушыларына арналған Халықаралық жасанды интеллект олимпиадасында (IOAI 2025) ең үздік нәтижелердің бірін көрсетіп, үш алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты