Чехияда жасы 26 мың жыл болатын "ежелгі адамның бет-бейнесі" табылды

Сурет: pexels
Чехиядағы археологиялық қазба жұмыстары кезінде Чех археологиялық зерттеулер институтының мамандары күтпеген олжаға тап болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Чех археологиялық зерттеулер институтының мәліметінше, табылған жәдігер – мамонттың азу тісінен дөрекі тас құралдардың көмегімен ойып жасалған адам басының мүсіні. Мүсіннің биіктігі – небәрі 4,8 см, ал ені – 2,4 см.

Сурет: Чехия археологиялық зерттеулер институты

Скульптурада көздері ойып салынған, иегі сәл ішке қарай батыңқы, мұрны көтеріңкі, аузы айқын бейнеленген әйелдің жүзі көрінеді. Әйелдің шашы түйіліп қойылған болуы мүмкін немесе ол ерекше бас киім киген деп болжанады.

Бұл археологиялық кешеннен табылған басқа бұйымдардан, мысалы, бет-әлпеті бейнеленбеген Вестонице Венерасы мүсінінен айырмашылығы – аталған мүсін нақты бір адамға тән жеке келбетті көрсетеді. Осы ерекшелігі оны белгілі бір тұлғаның ең алғашқы бейнесі ретінде бағалауға мүмкіндік береді.

Жасы шамамен 26 мың жыл деп анықталған бұл мүсін қазіргі таңда әлемдегі сақталып қалған ең көне адам портреті саналады.

Бұған дейін археологтардың 40 мың жыл бұрынғы құпия үңгірді тапқанын жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз